Экономика, бюджет, құқық тәртібі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттік және этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия қызметінің негізгі бағыттары.

Мәслихат сессиясының күн тәртiбi бойынша, сондай-ақ мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына ұсыныс енгiзеді.
Мәслихат сессиясының қарауына енгiзiлген экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттіктер мен этика мәселелері бойынша қорытындылар береді.
Өз құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынады.
Өз құзыретi шегiнде сессияда жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзеді.
Мейлiнше маңызды және қоғамдық мәнi бар мәселелердi талқылау мақсатында көпшіліктік тыңдаулар өткiзедi