Тұрақты комиссиясы отырысы

«29 қазан күні Алматы облыстық мәслихатының экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттіктер мен этика мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы өтіп, облыс депутаттары бірқатар мәселелерді қарастырды», – деп хабарлайды Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Оның ішінде Алматы облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы «Алматы облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» № 64-339 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Алматы облыстық мәслихатының мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы, Алматы облысында ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушідерді субсидиялауды ұйымдастыруда орын алып отырған өзекті мәселелер мен оларды шешу үшін жергілікті атқарушы органдарымен қолданып жатқан шаралар туралы болды.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ж.Әмірханов өз сөзінде «Ағымдағы жылдың 9-ай қорытындысы бойынша түскен кірістер көлемі 106,3%-ға орындалғанын ескере отырып және шұғыл шешімін талап ететін шығындарды қаржыландыру мақсатында салықтық түсімдер болжамын
5,2 млрд. теңгеге арттыруға ұсыныс енгізіліп отыр», деп өз баяндамасында депутаттарға бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында жергілікті бюджет қаражаттарын қайта бөлу есебінен облыс бюджетінің шығыстарын нақтылау бойынша ұсыныстар енгізді.

Күн тәртібіндегі қаралған барлық сұрақтар бойынша басқарма басшылары өз есептерін беріп, қаралған мәселелер жан-жақты талқылаудан өтіп, шешім қабылданып, сессия отырысына бекітілуге жолданды.