Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

«27 қазан күні Алматы облыстық мәслихатының «Ауылшаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері бойынша» және «Индустриялық-инновациялық, көліктік-логистикалық даму, кіші және орта бизнесты, туризм мен спортты қолдау мәселелері бойынша» комиссияларының бірлескен көшпелі отырысы өтті», – деп хабарлайды Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Депутатттар күн тәртібінде «Азық-түлік қауіпсіздігінің қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы» , «Сүт-тауар фермаларының желісін кеңейту туралы және Алматы облысында ауылшаруашылығы өндірушілерді субсидиялауды ұйымдастыру жұмысында орын алып отырған өзекті мәселелер мен оларды шешу үшін жергілікті атқарушы органдармен қолданып жатқан шаралар туралы, Алматы облысы бойынша ирригациялық желілерді қайта қалпына келтіру жұмыстары, Алматы облысы бойынша ирригациялық желілерді қайта қалпына келтіру жұмыстары туралы және аудан ауылшаруашылығы өндірушілерді субсидиялауды ұйымдастыру жұмысында орын алып отырған өзекті мәселелер мен оларды шешу үшін жергілікті атқарушы органдармен қолданып жатқан шаралар туралы, «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы,  «Бизнестің жол картасы 2025»  және   «Еңбек» мемлекеттік бағдарламаларының Алматы облысында жүзеге асырылу барысы туралы мекеме басшылары өз есептерін берді.

Отырыс барысында облыстық ауыл шаруашылық басқармасы, «Жетісу» ӘКК, кәсіпкерлік-индустриялық инновациялық даму басқармасы, «Қазсушар» РМК, «Қонаев» атындағы су каналы, бірқатар аудан басшыларының ауыл, су шаруашылық саласында атқарған жұмыстары бойынша есебі тыңдалды. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының м.а К.Омаров өз сөзінде «Жалпы бюджет қаражатынан мал шаруашылығын дамытуға – 16 млрд. теңге, өсімдік шаруашылығына – 9 млрд. теңге, инвестициялық субсидиялауға – 12 млрд. теңге, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге – 1 млрд. теңге және басқа да түрлерге (Еңбек бағдарламасы бойынша) – 4 млрд. теңге қарастырылған. Бұл қаражаттың 9 айда 32 млрд.теңгесі 15 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне берілді. Нәтижесінде, ағымдағы жылдың басынан бері ауыл шаруашылығы саласында 753 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 242 млрд. теңгенің дайын тамақ өнімдері шығарылды», – деп жұмыстардың нәтижесі жайлы баяндап өтті.

Жалпы күн тәртібіндегі сұрақтарда жоғарыда аталған саладағы мәселелерді депутаттармен бірлесе көтеріп, шешілу жолдарын қарастырылды. Депутаттар бірқатар ұсыныс білдіріп, комиссия отырысы соңында шешім қабылданды. Қаралған мәселелер бойынша алдағы уақытта жұмыс тобы аясында жалғаспақ.

Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.