Сессия отырысы өтіп, бюджетке өзгеріс енгізілді

«29 қазан күні әкімдіктің мәжіліс залында облыстық мәслихаттың кезектен тыс IX сессиясы өтті», – деп хабарлайды Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Облыстық мәслихат хатшысы Ж.Жөргенбаевтың төрағалығымен өткен сессия барысында облыс әкімінің орынбасары Ж.Тұяқов, облыс депутаттары, басқарма басшылары қатысып, жиын барысында бірқатар мәселелер қарастырылды.

Атап айтсақ, облыстық экономика және бюджеттк жоспарлау басқармасының басшысы Ж.Әмірханов депутаттарға Алматы облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы «Алматы облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» № 64-339 шешіміне өзгерістер енгізу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелерді ұсынып, халық қалаулыларымен бірлесе сұрақтар қаралып, шешім қабылданды.

Жоғарыда аталған мәселелер сессия алдында өткен бюджеттік сұрақтар бойынша мәслихаттың тұрақты комиссия отырысында жан-жақты қаралып, депутаттардың мақұлдауынан өтті.