Облыстық мәслихаты хатшысының есебі

                                                                                             Алматы облыстық мәслихатымен және оның тұрақты комиссияларымен 2018 жылы атқарылған 

қызмет туралы

ЕСЕП

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен жергілікті өкілді органдарына жүктелген өкілеттіктер мен міндеттерге сәйкес, 2018 жылы Алматы облыстық мәслихатымен келесі қызмет атқарылды.

Облыстық мәслихаттың сессиялары мен қабылданған шешімдер

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны сессия болып табылады және онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi. Есепті кезеңде облыстық мәслихатпен 5 кезекті және 7 кезектен тыс сессия өткізіліп, олардың барысында 68 жалпы және 18  нормативтік құқықтық сипаттағы шешімдер қабылданды.

Облыстың 2018-2019 жылдарға арналған бюджеттері

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңына сәйкес мәслихаттардың негізгі функциясы тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын және жергілікті бюджетті бекіту болып табылады. Осыған сәйкес, облыстық мәслихат облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесіп атқарған қызметінің нәтижесінде, облыстың 2018-2020 жылдарға арналған бюджетіне 5 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 2018 жылдың қорытындысы бойынша осы жылға арналған облыс бюджетінің нақтыланған мөлшері 429,6 млрд. теңгені құрады, оның ішінде: жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер салаларына 18,4 млрд.теңге, қорғаныс саласына – 3,4 млрд. теңге, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік саласына – 16,7 млрд.теңге, білім саласына 163,7 млрд. теңге,  денсаулық саласына – 15,4 млрд. теңге,  әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру саласына – 17,8 млрд. теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылғы саласына 48,6 млрд.теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттың кеңістік салаларына – 23,7 млрд. теңге, отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын падалану салаларына – 18,9 млрд.теңге, ауылшаруашылығы саласына 43,1 млрд.теңге, сәулет және құрылыс салаларына -1,9 млрд. теңге, көлік және коммуникация салаларына -33,3 млрд. теңге, өзге мәселелерге 24,7 млрд. теңге қаралды.

2018 жылдың аяғында бекітілген Алматы облысының 2019 жылға арналған бюджетіне келетін болсақ, ол 23 млрд.теңгеге ұлғайып 452,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде: жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер салаларына 13,3 млрд.теңге, қорғаныс саласына – 2,7 млрд. теңге, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік саласына – 15,7 млрд.теңге, білім саласына 181,2 млрд. теңге,  денсаулық саласына – 16,7 млрд. теңге,  әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру саласына – 19,6 млрд. теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылғы саласына 44,6 млрд.теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттың кеңістік салаларына – 29,3 млрд. теңге, отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын падалану салаларына – 13,3 млрд.теңге, ауылшаруашылығы саласына 45,0 млрд.теңге, сәулет және құрылыс салаларына -2,2 млрд. теңге, көлік және коммуникация салаларына -32,6 млрд. теңге, өзге мәселелерге 36,5 млрд. теңге қаралды.

Облыстың 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Алматы облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы №51-288 шешімімен бекітілген – облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиясын белгілейтін негізгі құжат – Алматы облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ұсынысы негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жаңа редакцияда бекітіліді.

Облыстық мәслихаттың жергілікті атқарушы органдарымен

өзара әрекет етуі

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару – тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ олардың тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты қызмет болып табылады. Осыған байланысты  облыстық мәслихат өз қызметін облыстық жергілікті атқарушы органдарымен тығыз байланыста атқарды.                                                                                                                Осы жұмыстың айқын айғағы ретінде есепті кезеңде облыс әкімі А.Баталовтың Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қантардағы №19 Жарлығына сәйкес, өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі облыстық мәслихат депутаттары алдында берген есебін атап кетуге болады. Нәтижесінде облыстық мәслихат, облыс әкімінің қызметі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауларында және Президенттің бес әлеуметтік бастамаларында қойылған міндеттерге сәйкес жүзеге асқанын атай отырып, бекітті. Сонымен қатар, есепті кездесу барысында облыс әкіміне:

  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауларында және Президенттің бес әлеуметтік бастамалары мен «Болашаққа бағдар: рұхани жаңғыру» атты мемлекет басшысының мақаласында қойылған міндеттерді іске асыру бойынша;
  • Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру бойынша;
  • «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру бойынша;
  • өңірге инвестицияларды тарту бойынша;
  • мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту және қаржы институттарының қаражатын тарту бойынша;
  • әлеуметтік салада мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыру ұсынылды.

Облыстық мәслихат депутаттарының  облыс әкімімен кездесуі барысында көтерілген мәселелердің шешілуі

Облыстық мәслихат депутаттарының облыс әкімі А.Баталовпен 2018 жылғы 25 тамыздағы кездесуі барысында көтерілген мәселелерді шешу үшін 2018 жылғы 17 қарашада облыс әкімімен бекітілген Іс шаралар жоспарында қаралған 45 мәселенің 13- нің шешілуіне облыс бюджетінде келесі көлемдегі қаражат қаралды.

  1. Ақсу ауданы «Жансүгіров-Арасан» автокөлік жолын (жалпы ұзындығы 26,5 шақырым) күрделі жөндеуге – 2019 жылы 183,4 млн. тенге;
  2. Ақсу ауданы Көшкентал ауылы мектебінің 180 орынға арналған жаңа ғимаратын салуға қажетті жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін 2019 жылы 10 млн.теңге;
  3. Ақсу ауданы Көшкентал ауылы мәдениет үйінің ғимаратын жөндеуге қажетті жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін 2019 жылы 1,5 млн.теңге;
  4. Ескелді ауданы Алдабергенов ауылының Байысов атындағы орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуге 2019 жылы 389,7 млн.теңге және 2020 жылы 250 млн. теңге;
  5. Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы 4 қабатты 50 пәтерлі тұрғын үйді жөндеуге қажетті жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін 2019 жылы 27,9 млн.теңге;
  6. Іле ауданы Қарасу ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысына 2018 жылы 85,8 млн. теңге;
  7. Кеген ауданы Саты ауылының А.Туркебаев атындағы орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеугі 2019 жылы 478,6 млн.теңге;
  8. Кеген ауданы Кеген ауылының орталық аудандық ауруханасын жөндеуге қажетті жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін 2019 жылы 20,1 млн.теңге;
  9. Панфилов ауданы Қоғалы ауылы Панфилов орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуге 50 млн.теңге;
  10. Көксу ауданы Балпы би ауылындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа ғимаратын салуға қажетті жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін 2019 жылы 17,3 млн.теңге;
  11. Көксу ауданы дренажды каналдарды тіркеу үшін 2019 жылы 15,7 млн.теңге;
  12. Райымбек ауданы  «Сарыжаз-Қарасаз-Текес» автожолын күрделі жөндеуге 2019 жылы 149,1 млн. теңге;
  13. Сарқан ауданы Балхаш өзенінің демалыс аймақтарының инфрақұрылымын дамытуға 2019 жылы 20,0 млн. теңге.

Қалған мәселелердің шешілуі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының үнемі бақылауына алынды.

 

Облыстық мәслихаттың бақылау функцияларының

жүзеге асырылуы.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен жергілікті өкілді органдарына берілген бақылау функцияларын жүзеге асыру шеңберінде:

  • Алматы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының «Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 26 қазандағы № 24-122 шешімімен бекітілген Алматы облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалуы туралы», «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік  жобалары бойынша атқарылған жұмыс туралы» ;
  • Алматы облыстық қаржы басқармасының және Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының «Алматы облысының 2017 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы»;

4) Алматы облыстық Ішкі істер Департаментінің «Алматы облыстық жергілікті полиция қызметімен  2017 жылы атқарылған қызмет туралы»  есептері тыңдалып, бекітілді.

 

Мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер

 

         Облыстық атқарушық органдарының ұсыныстары негізінде есепті кезеңде облыстық мәслихатпен мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобалары бойынша келесі мемлекеттік міндеттемелер қабылданды:

 

р/с Атауы Қабылданған міндеттемелерге сәйкес облыс бюджетіне қаралған қаражат
 

Денсаулық сақтау басқармасы бойынша

 

1 Алматы облысында медициналық ақпараттық жүйелер кешенін енгізу және ұйымдастыру

 

2 007 295 108
2 Автокөлік шаруашылығын сенімгерлік басқаруға беру, блоктык-модульдік подстанция құрылысы және пайдалануға беру. Алматы облысының жедел медициналық көмек, медициналық қызметкерлері мен жүргізушілерінің біліктілігін арттыру және процессті автоматтандыру. 5 133 368 795
3 Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласындағы «Алакөл ОАА» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорында, компьютерлік томография бөлімінде, компьютерлік томографиямен жабдықтау және диагностикалау процессін ұйымдастыру. 499 654 960
 

Білім басқармасы бойынша

 

1 Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелен қаласындағы 150 орындық балалар бақсашасының  құрылысы және пайдалануға беру 2 168 429 000
2 Талдықорған қаласы Н.Алдабергенов көшесі №236/2 орналасқан 320 орындық «Алтын бесік» балалар бақшасын пайдалануға беру  
3 Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауылды ауылында мектепке дейінгі білім беру қызметін көрсету үшін балабақшасы жөндау және пайдалану 352 728 000
 

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша

 

1 Алматы облысының Талғар ауданында мүгедек балаларға арналған күндізгі орталық 211 351 200
 

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша

 

1 Алматы облысының Ескелді ауданының көше жарықтандыру желілерін жетілдіру және сыртты жарықтандыру желілерін кейіннен сенімді басқару 1 304 403 560
2 Алматы облысының Іле ауданының көше жарықтандыру желілерін кейіннен сенімді басқару 2 268 347 230
3 Алматы облысының Қапшағай қаласының көше жарықтандыру желілерін жетілдіру және сыртты жарықтандыру желілерін кейіннен сенімді басқару 1780 310 300
4 Алматы облысының Текелі қаласының көше жарықтандыру желілерін жетілдіру және сыртты жарықтандыру желілерін кейіннен сенімді басқару 1 345 052 200
5 Алматы облысының Талдықорған қаласының көше жарықтандыру желілерін жетілдіру және сыртты жарықтандыру желілерін кейіннен сенімді басқару 10 252 608 500
 

Дене шынықтыру және спорт басқармасы, құрылыс басқармасы бойынша

1 Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысы және пайдалану 6 173 207 360
2 Алматы облысы Текелі қаласындағы «Батыр» спорт кешенің жалдау 32 874 500

 

 

 

Облыстық мәслихатпен қабылданған өңірдің әкімшілік-аумақтық құрылысы мен ономастика мәселелері бойынша шешімдері.

 

         Облыс әкімдігінің ұсыныстары негізінде,  өңірдің әкімшілік-аумақтық құрылысы  және ономастика мәселелері бойынша қабылданған шешімдерге сәйкес:

  1. Алматы облысы Іле ауданының ауылдық округтерінің шекаралары белгіленді:
  2. Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылдық округінің солтүстік-батысында жалпы алаңы 174 гектарды құрайтын ауыл құрылып оған «Жаңа қуат» атауы берілді.
  3. Қаратал ауданының Қаңбақты ауылдық округі Бәйшегір ауылдық округі, Қаратал ауданы Үштөбе қаласының Фрунзе ауылы Достық ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық ауылдық округінің Мелиоратор ауылы Арна ауылы болып қайта аталды.
  4. Талдықорған қаласының оңтүстік-батысында орналасқан даңғыл – «Қадырғали Жалайыри» даңғылы, бірінші көше – «Бәйкен Әшімов» көшесі, екінші көше – «Зылиха Тамшыбай» көшесі, үшінші көше – «Астана» көшесі болып аталды.
  5. Талдықорған қаласы «Шайқорған» тұрғын үй алабының солтүстік-шығысында орналасқан «Астана» көшесі – «Нұрлытаң» көшесі болып қайта аталды.
  6. Панфилов ауданы Пенжім ауылдық округінің Төменгі Пенжім ауылы Ынтымақ ауылы, Панфилов ауданы Талды ауылдық округінің Нағарашы ауылы Жерұйық ауылы, Сарқан ауданы Черкасск ауылдық округінің Петропаволовка ауылы Ақтұма ауылы, Сарқан ауданы Черкасск ауылдық округінің Садовое ауылы Теректі ауылы, Сарқан ауданы Черкасск ауылдық округінің Соколовка ауылы Ешкіөлмес ауылы болып қайта аталды.
  7. Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына
  • Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне Ахмет Байтұрсынұлының есімін;
  • «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№4 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне Қасым Қайсеновтің есімін;
  • «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№5 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне Ахмет Жұбановтың есімін;
  • «Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ынтымақ ауылындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сағындық Оспанұлының есімін;
  • «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Талапкер орта мектеб» мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Сәкен Иманасовтың есімін;
  • Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №35 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне – Бауыржан Момышұлының есімін;
  • «Райымбек ауданы Әкімінің аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына Баққожа Мұқайдың есімін беру туралы;

9) «Панфилов ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің       «А.В. Луначарский атындағы орта мекеп-гимназиясы, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесін – «Панфилов ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бауыржан Момышұлы атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мекеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

  • «Панфилов ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көктал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесін – «Панфилов ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Дінмұхамед Қонаев атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • «Панфилов ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Соцжол орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін – «Панфилов ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • «Сарқан аудандық білім бөлімінің Петропавловск орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесін – «Сарқан ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ақтұма орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • «Сарқан аудандық білім бөлімінің Тополевка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін – «Сарқан аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Теректі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • «Сарқан аудандық білім бөлімінің Пограничник орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесін – «Сарқан ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Жетісу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі деп қайта атау туралы ұсыныстар енгізілді.

 

 

«Алматы облысының Құрметті азаматы» атағының берілуі

 

Облыс әкімінің ұсыныстары бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына,  қоғамды демократияландыруға, жеткіншек ұрпаққа адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге, оқытудың жаңа түрлерін практикалық іс жүзіне асыруға, облыс  тұрғындарының денсаулығын сақтауға, дене тәрбиесі мен спортты дамытуға, мемлекеттік және әскери қызметке, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан нақты және маңызды үлесі үшін  облыстық мәслихаттың шешімдерімен келесі азаматтарға «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері Амангелді Құрманғалиұлы Құрманғалиевқа;
  2. Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Зағипа Яхянқызы Балиеваға;
  3. «Жетісу» орталық стадионының директоры Омар Кәрібайұлы Қасымбековке;
  4. Еңбек ардагері, зейнеткер Кенжебек Жамаубайұлы Жамаубаевқа;
  5. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасының басшысы Сәбит Тұнғышбайұлы Құрманәлиевке;
  6. Медицина ғылымдарының докторы, еңбек ардагері Ерасыл Әбілқасымұлы Әбілқасымовқа;
  7. Алматы облысының спорт ардагері Шапран Вячеслав Николаевичке;
  8. «Akniet group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Абилазимов Сақтаған Абилазимұлына;
  9. Еңбекшіқазақ ауданының балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Станислав Балтабекұлы Тынысбековке.
  10. Еуразия экономикалық қауымдастығының энергетика және инфрақұрылым алқасының мүшесі Тайыр Аймұхаметұлы Мансұровқа;

 

 

 

Облыстық мәслихатпен қаралған табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелері

 

Облыстық мәслихатпен есепті кезеңде табиғатты падалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін реттеу жұмысы ауқымында, Алматы облысының қалдықтарын басқару жөніндегі бағдарламасы, «Алматы облысы бойынша 2017-2021 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері,  Алматы облысында қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері, Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері бекітілді.

 

 

Облыстық мәслихатпен бекітілген жергілікті атқарушы органдары жанында құрылған ведомствоаралық комиссиялардың құрамдары

 

Облыстық мәслихатпен облыстық жергілікті атқарушы органдарының жанындағы 13 ведомстоваралық комиссиялардың құрамдары бекітілді: олардың ішінде:

  1. Алматы облысындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы;
  2. Алматы облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы;
  3. Алматы облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының, Алматы облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиясы;
  4. Алматы облысында кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптау комиссиясы;
  5. Алматы облысы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес;
  6. Алматы облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы;
  7. Алматы облысы әкімдігінің жанында тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау жөнінде өңірлік үйлестіру кеңесі;
  8. Жер қатынастарын реттеу саласындағы мәселелерді қарау жөніндегі комиссия;
  9. Алматы облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия;
  10. Алматы облыстық мәслихатының «Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту мәселелері бойынша» тұрақты комиссия;
  11. Алматы облысындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы;
  12. Алматы облысының кадр комиссиясы.

 

 

Облыстық мәслихаттың  тұрақты комиссияларымен атқарылған қызмет

 

Есепті кезеңде Алматы облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларымен келесі мәселелер қаралып, талқыланды:

 

Бюджет, тарифтік саясат және заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша тұрақты

комиссиясы

 

  1. Алматы облыстық Ішкі істер Департаментінің жергілікті полиция қызметімен 2017 жылы атқарылған қызмет туралы;
  2. Алматы облысының 2017 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы;
  3. Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы «Алматы облысының 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы»  №26-128 шешіміне өзгерістер мен толқтырулар енгізу туралы;
  4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы;
  5. Алматы облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтосандағы №-288 шешімімен бекітілген «Алматы облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын жаңа редакцияда бекіту туралы;
  6. «Алматы облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық   бюджеті туралы».

 

 

Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы

 

  1. Алматы облысы бойынша «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомобильдік жолдар құрылысына бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді қолдану мен жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы»;
  2. Алматы облысындағы әуе және құбыржол көлігін қоспағанда, көлік саласындағы бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы;
  3. Алматы облысының көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарын дамыту мақсатында жоспарланған жұмыстар, олардың жүзеге асырыуы және осы мақсатта бюджеттен бөлінген қаражаттың игерілуі туралы;
  4. Алматы облысы бойынша «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомобильдік жолдар құрылысына бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді қолдану мен жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы;
  5. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015  жылғы 6  сәуірдегі №1030  Жарлығымен бекітілген «Нұрлы жол» инфрақұрылымдарды дамытудың 2015-2019  жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Алматы облысында көліктік-логистикалық бөлігінде жүзеге асырылуы туралы.

 

 

Индустриялық – инновациялық, энергетикалық  инфрақұрылымдарды, туризмді дамыту, шағын және орта бизнесті  қолдау мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы

 

  1. Балхаш өзенінің жағалауында туризім инфрақұрылымдарының дамуы туралы;
  2. Алматы облысында туризімнің дамуы туралы;
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы №1159 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізілген жобаларды іске асыру туралы» (Талдықорған қаласы);
  4. Алматы облысында иесіз тұрған электр желілері мен подстанцияларының жай-күйі туралы.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы

 

  1. Алматы ооблысы елді мекендерінің газбен қамтамасыз етілуі туралы;
  2. Алматы облысы тұрғындарының, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдардың 2018-2019 жылдар аралығындағы күзгі-қысқы жылыту маусымында сүйық және қатты отынмен қамтамасыз етілуі туралы.

 

Денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, тіл, дін және этносаралық қатынастар мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы

 

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі №213 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңі (2016-2018 жылдар) Алматы облысында жүзеге асырылуы туралы;
  2. Алматы облысы Талғар ауданының Гүлдала ауылдық округінде ауыл құру және оған «Жаңа қуат» атауын беру туралы;
  3. Алматы облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы;
  4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 19 қыркүйектегі

№580 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы»;

5.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі №213 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңі (2016-2018 жылдар) Алматы облысында жүзеге асырылуы туралы.

 

Білім, ішкі саясат, мәдениет, спорт және жастар саясаты мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы

 

  1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар;
  2. Алматы облысында жастар саясаты мәселелері бойынша 2017 жылы және 2018 жылғы жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы.

 

 

Аграрлық сала, жер қатынастары экология және ветеринария мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы

 

  1. Алматы облысы бойынша қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы;
  2. Алматы облысында қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы; 4. Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелерін бекіту туралы; 5. Алматы облысының жерүсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы;                            6.       Алматы облыстық мәслихатының «Алматы облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 26 қазандағы №24-124 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы;                                                7. Алматы облыстық мәслихатының «Алматы облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 26 қазандағы №24-125 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы;                                                              8. Қазақстан Республикасының Үкіметіне Алматы облысының шекарасын өзгерту туралы ұсыныс енгізу туралы;                                                   9. Қазақстан Республикасының Үкіметіне Алматы облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу туралы ұсыныс енгізу туралы.

 

 

 

Облыстық Қоғамдық кеңесінің қызметінің қамтамасыз етілуі

 

 

Есепті кезеңде облыстық мәслихатпен Алматы облыстық Қоғамдық кеңесінің қызметі қамтамасыз етуге бағытталған қызмет өз жалғасын тапты, атқарылған жұмыстың нәтижесінде аталған ұйымның 8  отырысы барысында 58 нормативтік құқықтық актілердің жобалары жария талқыланып, 14 басқару буындағы лауазымды тұлғалардың есептері тыңдалды (олардың ішінде облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасарларының және облыстық басқармалар басшыларының).

2019 жылы облыстық қоғамдық кеңестің сандық құрамы 33 мүшеден 35 мүшеге дейін ұлғайтылып, қоғамдық кеңестің 2 шақырылымының жаңа құрамы сайланды, оның ішінде 28 мүше коммерциялық емес ұйымдардың және 7 мүше мемлекеттік органдардың өкілдері.

 

 

Облыстық мәслихаттың депутаттарымен көрсетілген қайырымдылық көмек

 

Облыстық мәслихаттың депутаттары үнемі қайырымдылық қызметпен айналысуда, таратып айтатын болсақ, есепті кезеңде:

Ақсу ауданы
1 Ибраимова Рахат Нығметбекқызы 1.Оқушыларға киім-кешек алуға.

2. Мектеп жанынан жылыжай ашуға

31000 теңге

 

200 000 теңге

Алакөл ауданы
2 Нүсіпов Қанатхан Балаларға жаңа жыл мерекесіне сыйлықтар, аз қамтылған отбасына қаржылай және жем –шөп ретінде көмек көрсету 1 370 000 теңге

 

3 Қожабеков Қанат Оқушыларға «Мектепке жол»  акция сыйлықтар, мешітке садақа, аз қамтылған отбасына қаржылай көмек көрсету 1 300 000 теңге
Балқаш ауданы
4 Нұрланов Дүйсенбек Жаңа басталған оқу жылына баратын оқушыларға мектеп формасын табыс етті. Бақанас ауылының тұрғыны І топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат Дауылбеков Жамбылға Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында көмек.

Ауданның аз қамтылған отбасыларына және қарттарға тұл жетімдерге таратылған жем, шөп, ет, күріш.

5 025 000 теңге
Еңбекшіқазақ ауданы
6 Осан Жангелді Көшімбайұлы Шелек №1 орта мектебіне IT –кабинетіне және робототехникаға 5 000 000  теңге
7 Жарыкбасов Едіге Солтанбайұлы 1.Болек селолық округінің Кировец-37 саяжайының тұрғыны көп балалы ана Кон Анжеликаның балаларына мектепке қажетті құралдармен киім-кешектер.

2. 2016 жылы Алға ауылының тұрғындарына мешіт салынды

3. 2018 жылы  салынған мешіттің жөндеу жұмыстарына

200 000 теңге

 

 

 

 

37 800 мың теңге

 

 

5 500 000 теңге

8 Сұлтанғазиев Куат Елеусізұлы 1.  2 бала лагерге жіберілді.

2. Интернат балаларын Жаңа жыл мерекесімен құттықтау  Шелек ауылында.

3. Мектепке жол акциясына 3 баланы киіндірді.

4. Өз жұмысындағы қызметкерге 3-баласы бар отбасына  Масак ауылынан үй сатып берілді.

70 000 теңге

 

20 000 теңге

 

 

 

60 000 теңге

 

 

4,7 млн теңге

9 Исаков Марат Алтынбекұлы Әр-түрлі мәселелерге 100 000 теңге
Ескелді ауданы
 11 Хильниченко Виктор Петрович 1.Шымыр ауылының тұрғыны Б.Бағонышевқа операцияға

2.Алматы ардагерлер мекемесіне

3.Жетісу ауылының мешітіне

4. «Хильниченко и К» ш/қ жұмысшыларына қаржылай көмек және жылына медициналық көмекке, ұн, көмір, шөп алу үшін

 

500 000 теңге

 

50 000 теңге

100 000 теңге

 

265 000 теңге

16 000 000 теңге

Жамбыл ауданы
13 Үшкемпіров Жақсылық Балқаш ауданына:

Д.Қонаевты еске алуға арналған Грекрим күресің жасөспірімдер арасындағы түрниріне – 300 000 тнг.

Жамбыл ауданына:

Жағдайы төмен жаңұяға 50 000 тенгеден – 45 адамға – 2 225 000 тнг,

20 балаға – 300 000 тнг.

Іле ауданына:

Жағдайы нашар мүгедек отбасына – 800 000 тнг,

Көпбалалы отбасына – 400 000 тнг.

4 млн 025 мың теңге
14 Молдақалықова Доғдргүл Өмірқұлқызы Әр-түрлі мәселеге 500 мың теңге
Іле ауданы
15 Тельпекбаева Жанна Тлеубекқызы 1.Мүгедектердің халықаралық күніне

2.Мүгедектерге Жаңа жылға сыйлық берілді

200 000 теңге

 

160 000 теңге

16 Касанов Усеин Исмаханұлы Жалпы сомасы 8 000 000 теңге
17 Ботабеков Тоқан Көкенұлы 1.«Іле Мұрагер» қоғамдық бірлестігіне  – аудан орталығында Өтеген батыр бабамызға ескерткіш тұрғызуға.

2.«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауына демеушілік көрсетті

3.Ұлы Отан Соғыс ардагерлеріне сыйлық берілді

4.Жетім балаларға киім сатып алынды

5.Іле ауданына 90 жылдығына кітап шығаруға

6.Көп балалы отбасыға

7.Іле ауданы, Жаңаталап ауылының «Асанбаев Абдыхамит» мешітіне хатымхана ғимаратын салуға

8.Байсерке ауылдық округі әкімінің аппаратына іс шаралар өткізуге.

1 000 000 теңге

 

 

2 000 000 теңге

 

250 000 теңге

 

110 000 теңге

 

2 000 000 теңг10 000 кірпіш – (200 000 теңге)

 

 

5000 кірпіш – (100 000 теңге)

Қарасай ауданы
22 Үмбетов Мұхит Әбікеұлы 1. 2018 ж.06 наурызда көп балалы аналарға көмек көрсету – 10 отбасына,

01 маусымда  -10 отбасына.

2.ҰОС және ауған соғыс ардагерлеріне – 25 адамға 09 мамырда 2018ж.

3. «Бақытты отбасы» проекті бойынша – 20 көпбалалы, азқамтылған отбасы балаларына 30 тамызда 2018ж. 4.Энергетик ардагерлеріне – 60 адамға 22 желтоқсанда 2018ж.

250 000 теңге,

 

 

250 000 теңге

 

1,5 млн.теңге

 

 

300 000 теңге

 

 

 

700 000 теңге

Кербұлақ ауданы
25 Мұқанов Серік Мейрханұлы 1.Азқамтылған отбасына көмір алу үшін;

2.Көп балалы отбасындағы студент баланың оқуына;

3.Қарымсақ ауылының мешітіне;

4.Батыр бабаның 300 жылдық мерей тойына

35 000 теңге

 

75 000 теңге

 

1 500 000 теңге

 

250 000 теңге

Панфилов ауданы
28 Кузиев Закиржан Пирмұхамедұлы Әр-түрлі мәселелерге 25 млн. 800 мың теңге
29 Әубәкіров Мұрат Амангелдіұлы Әр-түрлі мәселелерге 3 000 000 теңге
30 Сарпеков Төлеу Құмарбекұлы Материалдық, қаржылы көмек дәрі-дәрмек алуға, санаторийге баруға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мектепке дайындық 302 000 теңге
Сарқан ауданы
32 Құлахметова Жамал Ағабдолдақызы Мектепке жол акциясына 100 000 теңге
Талғар ауданы
33 Которова Ольга Васильевна Қаржылай көмек әр-түрлі мәселелерге 225 000 теңге
34 Нұрбаев Данияр Молдиярұлы 1.«Мектепке жол акциясы» аясында аз қамтылған 5 балаға мектеп формасымен, Ұлы Отан соғысы ардагерлері және Тыл ардагерлеріне азық-түлікпен және де көгілдір отынмен және қаржылай қаражат пен қамтамасыз етілсе, ал мүмкіндігі шектуелі азаматарға 50 пайыз жеңілдікпен  көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. 1 585 000 теңге
35 Сүлейменов Асқар Фазылұлы 1.Әр-түрлі мәселелерге

2.Азқамтылған отбасына баспана сатып берді

3 000 000 теңге

 

9 000 500 теңге

Ұйғыр ауданы
37 Бектұрсынов Ызғарбек Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Туған еліңе туыңды тігу мақсатында «Жарты баба мемориалдық кешенін» турғызуға 1 000 000 теңге
Талдықорған қаласы
39 Алпысбаев Әли Демегенұлы 1.Азаматша Демесин Г.С. (немересінің еміне)

2.Устенова Айман (жалғыз басты ана)

3.«Ән-шырқайық» бағдарламасының қайырымдылық концертіне зал тегін берілді және қаржылай көмек

4.«Жетісу шабыты» мүгедектер қоғамдық бірлестігіне 7 билет берілді.

5.«Мектепке жол» бағдарламасы акциясына №19 мектептің оқушысы М.Бакытжановқа көмек көрсетілді.

20 000 тенге

 

30 000 тенге

 

15 000 тенге

 

 

14 000 тенге

 

 

35 000 тенге

40 Богданова Ольга Имантовна Қаржылай көмек әр-түрлі мәселелерге 9 075 000 теңге
41 Дөнсебаев Қалмұхамет Жағыпарұлы 10 адамга әр-түрлі мәселеге 320 000 теңге

 

 

 

Облыстық мәслихатттың 2019 жылы атқарылатын қызметінің негізгі бағыттары

 

Алматы облыстық мәслихатының мемлекеттік саясатты жүргізу және оны дамыту бағытындағы қызметі ағымдағы жылы дәйекті түрде жалғасын табады және оның барысында Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының, Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа  мүмкіндіктері», «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауыларын және 5 әлеуметтік бастаманың жүзеге асырылуына,  халықты толғандырып отырған проблемалық мәселелердің шешілуіне, облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан аумақтық бағдарламалардың орындалу сапасына және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелеріне баса назар аударылатын болады.