Облыстық мәслихаттың кезектен тыс Х сессиясы

«24 қараша күні Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс X сессиясы өтті», – деп хабарлайды Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Сессияның күн тәртібіне сәйкес  Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру мәселесі қаралды. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың облыс депутаттарына арналған ұсыныс хатын Президент әкімшілігінің басшысы Е.Қошанов оқып, облыс әкімінің лауазымына Қанат Бозымбаевты тағайындауға келісім беруді ұсынды. Облыстық мәслихаттың депутаттары  Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Одан кейін, Ерлан Жақанұлы Қошанов мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың атынан осы уақытқа дейін облысты басқарған Амандық Ғаббасұлы Баталовқа алғысын білдірді.

 

Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі