Канвассинг кездесу

«27 қазан күні облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаевтың Еңбекшіқазақ ауданындағы іс-сапары аясында ардагер Әбілбек Айтақыновтың үйінде канвассинг кездесу өткізді», – деп хабарлайды Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Жанболат Әкебайұлының облыстық мәслихат депутаттары Серік Мұқашұлы және Қуат Елеусізұлымен бірге өткен шара барысында ардагерге қазіргі таңдағы өңірдің даму деңгейі, партия сайлауалды бағдарламасының іске асыру барысы жайлы ақпарат беріп өтіп, пікір алмасты. Ардагер мемлекет дамуы жолындағы істеп жатқан жұмыстарға өз тілегін білдіріп, батасын берді.

Әбілбек ардагер 3 ауданның құрметті азаматы, әрі Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Еңбекшіқазақ» аудандық газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Жалпы осындай бағыттағы канвассинг кездесулерді барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары әр ауданды қамти отырып, облыс көлемінде құрметке ие азаматтарымыздың ұсыныс-тілектері назарда ұстауда.


Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі