Жұмыс тобының отырысы өтті

«18 қараша күні облыстық мәслихаттың «Алматы облысы бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары бойынша жұмыс тобының» отырысы өтті», – деп хабарлайды Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Жиын барысында Алматы облысында ауылшаруашылығы өндірушілерді субсидиялауды ұйымдастыру жұмысында орын алып отырған өзекті мәселелер мен оларды шешу үшін жергілікті атқарушы органдармен қолданып жатқан шаралар туралы облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы К.Омаров баяндап өтті.

Жұмыс тобының мүшелері есеп берген басқарма басшысының баяндамасынан соң, аталған саладағы қордаланған мәселелерді қарастырып, ұсыныстар бойынша ҚР Ауыл шаруашылық министрлігіне жолдайтынын жеткізді.

Назарларыңызға салсақ,  Алматы  облыстық мәслихатының 2021 жылдың 27 қазанда Еңбекшіқазақ ауданында, Шелек ауылында «Ауылшаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология  мәселелері бойынша» және «Индустриялық-инновациялық, көліктік-логистикалық даму, кіші және орта бизнесты, туризм мен спортты қолдау мәселелері бойынша» комиссияларының бірлескен көшпелі отырысында көтерілген өзекті мәселелердің шешілуін қамтамасыз ету үшін, жұмыс тобы құрылған болатын.

Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі