Депутаттық мониторинг жалғасуда

«Облысымыздағы әлеуметтік нысандарға жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық мәслихат тарапынан депутаттық мониторинг жұмыстары өз жалғасын табуда. Бұл жолы 15-17 қыркүйек күндері облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев оңтүстік аудандардағы нысандарда болып қайтты», – деп хабарлайды Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Кеген, Райымбек, Қарасай, Талғар, Балқаш аудандарындағы мәслихат хатшысының іс-сапары аясында осы өңірдегі облыстық мәслихат депутаттарымен бірлесе нысандарды аралап, талаптарға сәйкестілігіне бағасын беріп, құрылыстың кестесімен жүруі, құрылысшылар санының жеткіліктілігі сынды мәселелерге мән берілді.

Мониторинг жұмыстарының қорытындысы – әр апта сайын анықтама ретінде толтырылып, анықталған кем-кетіктердің жойылу жұмыстары бойынша тиісті органдарға мәліметтер жіберілуде. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясындағы нысандар да басты назарда.

Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі