АҢДАТПА Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Жанболат Жөргенбаевтың «Ерлік» қоғамдық бірлестік төрайымы Р.Ақжаркенованы 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтауы

Өткізілетін күні: 2021 жыл 21 қазан

Өткізілетін уақыты: Сағ. 10.00

Өткізілетін орыны: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Ескелді би 1 үй, «Зире» емханасының жанында.

Ұйымдастырушылар: Алматы облыстық мәслихаты

Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Жанболат Жөргенбаев «Ерлік» қоғамдық бірлестігіне барып, ұйым төрайымы Роза Акажаркенованы 60 жасымен құттықтайды.

Роза Хаджи-Ахметқызы Ақжаркенова – облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, облыстың қоғамдық саяси, әлеуметтік істердегі белсенді азаматтардың бірі. Ақсу ауданы Қапал ауылының тумасы.

Талдықорған медицина училещесінің медбике мамандығы бойынша тәмамдаған. Қызметін Қапал ауданы Қапал дезинфекция станциясының қызметкерінен бастап, Қапал аудандық тұрмыстық комбинатта тоқымашы, «Қапал еңбеккері» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі болып қызмет етті. 2005 жылдан 2007 жылға дейін «Бірлік» қоғамдық бірлестігінде жетекшілік етті.

2007 жылдан «Ерлік» ұйымының негізін қалап, қазіргі уақытқа дейін аталған ұйымда жетекшілік етеді. 2014 жылдан бастап Талдықорған қаласында «Инватакси» жобасының жетекшісі.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерекелік медальдары, «Шапағат» медалінің иегері, «Талдықорған қаласының құрметті азаматы» атағына ие.

Тірек қимыл қозғалысы шектеулі азаматтарға қызмет көрсетеді. Ұйымда 30-ға жуық адам жұмыс істейді.

Роза Ақжаркенова ссы жылдары қоғамдық бірлестіктің 23 әлеуметік жобасын іске асырып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғау және тіршілік-тынысын жүзеге асыруға байланысты Қазақстан Республикасы аумағында 4 жинақ және 32 семинар тренинг өткізді.

Полыша мемлекетіндегі әріптестерінің шақыруы бойынша Гданске, Грузия, Украина, Тәжікстанға іс сапарға барып, тәжірибе алмастырып қайтты.

2015 жылы Талдықорған Медицина колледжінде зағип адамдарға арналған сылап-уқалау бөлімінің ашылуына зор үлесін қосты.

Алматы облысында Инватакси жәрдеміне зәру мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнап алғашқы жоба жасады.

Орын.: Ғ.Аманжолұлы Тел.: +7 7714412905