Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия қызметінің негізгі бағыттары.

Мәслихат сессиясының күн тәртiбi бойынша, сондай-ақ мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына ұсыныс енгiзеді.
Мәслихат сессиясының қарауына енгiзiлген ауылшаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және экология мәселелері бойынша қорытындылар береді.
Өз құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынады.
Өз құзыретi шегiнде сессияда жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзеді.
Мейлiнше маңызды және қоғамдық мәнi бар мәселелердi талқылау мақсатында көпшіліктік тыңдаулар өткiзедi