Аутизм, Целиакция диагнозы бар балалардың жағдайы тұрақты комиссия отырысында қаралды

4 қараша күні өткен  Алматы облыстық мәслихатының денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында  аутистік спектірдің бұзылуы бар балаларға көмек көрсету, олардың  білім алу бойынша құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету және әлеумттік маңызы бар  дәрі- дәрмектерге қаражат бөлу мәселесі қаралды.

Комиссия отырысында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы М.Мұрат, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ө.Ниязбеков, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ж.Әмірханов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Сүлейменованың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша есептері тыңдалып,  депутаттар сауалына жауап берілді.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы М.Мұратқызы өз  баяндамасында облыс әкімдігінің қаулысымен «Аутизм және басқа да ментальді бұзылулары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, жарғысы бекітілгенін,  бүгінгі күні аталған орталыққа Талдықорған қаласында орналасқан көлемі 1980 ш.м. ғимаратты 280 млн. теңгеге сатып алу жоспарын, сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік Қоғамы арқылы құрал-жабдықпен қамтамасыз ету және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры арқылы Орталық мамандарын оқытудан өткізу жұмыстарының атқарылатыны жайында атап өтті.

Аутизмі және басқа да ментальді бұзылулары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығын құру балаларға білікті кешенді көмек көрсету мақсатында неғұрлым тиімді әдістемелерді біріктіруге, әлеуметтік бейімдеу дағдыларын тұжырымдауға мүмкіндік береді. Орталық қызметінің мақсаты – аутизм және басқа да ментальді бұзылыстары бар балаларға туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін және оларға басқа азаматтардың қоғам өміріне қатысуына тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешенін ұсыну болып табылады.

«Орталықта Эрготерапевт, кинезиотерапевт және мінез-құлық талдауы (АВА-терапия), сенсорлық интеграция, балама коммуникация бойынша жаңа мамандардың қызметтерін енгізу жоспарлануда. Мұндай әртүрлі бейінді мамандардың болуы балаларға кешенді көмек көрсетуге мүмкіндік береді, осылайша ата-аналардың қажетті мамандарды іздеп басқа мекемелерге баруын, қосымша қаржылық, уақыт шығындарын болдырмайды», – дейді басқарма басшысы М.Маратқызы.

Екінші күрделі мәселе «Целиакия» диагнозы бар балаларды дәрі- дәрмекпен  қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Бұл жайында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ө.Ниязбеков бюджеттен қаражат бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылғанын баяндады.  Сонымен қатар, мемлекеттік қордан тұрғын үй беру жолымен аудан орталықтарында және ауылдық округтерде медицина қызметкерлерін қолдаудың тиімді жүйесін құру, медицина қызметкерлерінің тапшылығы және «Қоғамдық медицина» мамандығы бойынша оқуға бөлінетін гранттардың санын қарастыру мәселесі жан-жақты қаралды.

Сондай-ақ, аутистік спектірдің бұзылуы бар балалардың білім алу бойынша құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мәселесі боынша облыстық білім басқармасының басшысы Ж.Сүлейменова   өз баяндамасында 2022-2025 жылдары аралығында 15 инклюзивті қолдау кабинеті ашылатынын, сондай-ақ,  кәзрігі уақытта ерекше білім беруді қажет ететін балаларға 12 психологиялық-медициналық және  22 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің жұмыс жасап жатқанын атап өтті.