ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ – ОЛ АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ

«Заң» газеті 2020 жылғы 14 сәуір

ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ – ОЛ АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ

          COVID-19 пандемия вирусы  адамзатқа қелген кезекті сын. Әлем халықтары мұндай індеттің сан түрін көргені тарихтан мәлім. Қазақстан Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  төтенше жағдайға байланысты Мәлімдемесінде «Біз, мемлекет және қоғам болып барша азаматтарымызға қолдау көрсетеміз, ешкімді көмексіз қалдырмаймыз. Мұқтаж адамдарға қол ұшын береміз. Бұған ешқандай күмән болмауы керек.» деп нақтылады. Осынау ұрымтал тұста«#Bizbirgemiz!» республикалық акциясы жарияланды. Мемлекеттік саясатқа сай Алматы облысында құрылып, жүйелі жұмыс жүргізіп отырған штаб жұмысын облыстық мәслихат депутаттары  жандандыра түстік.Зейнеткерлерге, көп балалы  аналарға, жалпы мұқтаж жандарға дәрі-дәрмек,азық-түлік жеткізіп бере жүріп, короновирусты жұқтырмай  қорғанудың бір талабы – оқшауланып, тәртіп пен тазалықтың сақталуын да назардан тыс қалдырмадық, әрине, «індеттің ілмегіне ілінбеңіз» деген тілекпен  мейірімділік көрсете білген ләзім. Осындай сәтте ел тұрғындары, қариялар да  сол бір жылылықты күтеді. Өткен аптада Қарасай ауданы тұрмысы төмен 11 отбасына  ұн,май,шай секілді түрлі азық-түлік және медициналық көп реттік қолдану маскаларын жеткізіп бердім. Мамандығым құрылысшы болғандықтан үй ауласына  кіретін қақпадан  бастап, есік-терезінің бүтіндігін де шолып өттім. Қарт көңілдер бір жадырап, жалғыз басты жандар қамқорлықты сезінгенін әжім басқан жүздеріндегі жылылық аңғартты. Осынау көріністер Мемлекет басшысының 20 наурыз 2020 жылғы № 285              «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу ережесі туралы» Жарлығының дер кезінде шығып, жүзеге асқанының нәтижесі деп білемін. Себебі, өңір басшысының тікелей бақылауымен Алматы облысында  дереу іске асырылып, 18 санитарлық бақылау бекеті ашылып, короновирустың алдын алу шаралары медициналық-санитарлық талапқа сай орындалып жатырғанын  көрсетіп отыр. Дәрігерлік сараптама аты жаман ауруды әйелдер мен қарттар тез жұқтыратынын анықтады. Медицина жетістігімен  короновисты жұқтырғандар емделе бастағанда, тасымалдаушылар тосыннан табылып, дәрігерлер жұмысын еселетіп жіберді. Дәрігерлерге мың алғыс. Қысылтаяң шақта ешнәрседен тайсалмай бастарын қатерге тігіп,мылтықсыз майданның алдыңғы қатарына тұрып  «Гиппократ» антына —  (лат.Facies Hippokratica) медицина қызметкерлерінің моральдік-этикалық антына  адалдықтарын көрсетіп жатыр.  Адамзатты тағы қандай қатер тосып тұрғанын Құдай біледі. Сондықтан жақсы кеңес беріп отырған артық болмайды. Көкейіне қонып, құлағына жаққан адам қажетіне жаратады. Әйтпесе, шыны керек, қарапайым халық бүгінгі билікке риза. Өзара тәубәларын айтып жүргені де ақиқат.Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли  facebook парақшасында «Жай жүрмей ауру тасып, өзіңнің де, өзгенің де басын қатерге тікпейік» деп дұрыс жазған. Бұл сөз көптің көкейіндегі ойды дәл басқанын сол елден естудеміз.

Тәртіп пен тазалық дегенде үлгі тұтатын қадам 11 милионға жуық адам тұратын Қытайдың Ухань қаласы  осы індеттің ошағы деп анықталғанымен короновирусты әлемде ең бірінші болып ауыздықтады ғой. Өркениетті әрі экономикасы дамып, сан саласынан милиондап кіріс кіріп тұрған елдерде күн сайын мыңдаған адам жұқпалы індеттен қайтыс болуда. Бұл тосын індет алдында қаражаттың  да қауқарсыздығын көрсетті. Адамзатқа астамшылықтан арылуды ұғындырып, сабырлылыққа , тәубешілікке келтірді.

Азаматтық парызымды өтеп, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсете  жүріп түйген ойымды Мемлекет басшысының  « Ең бастысы, шыдамдылық, төзімділік және жауапкершілік танытайық.Біз – рухы асқақ, бірлігі бекем, еңсесі биік халықпыз» деген мәлімдемесімен түйіндеймін.

Ұлы халқымыздың үлкен сыннан аман-есен шығып қуанышқа бөлене беруіне тлектеспін. Алла бұйыртса ол күнде алыс еместігіне көзім жетеді.

Жандулла Әбдімұратов

Алматы облыстық мәслихатының депутаты.

Загрузчик Загрузка...
Логотип EAD Слишком долго?

Перезагрузка Перезагрузить документ
| Открыть Открыть в новой вкладке

Скачать [767.44 KB]