Сапқа тұрды сарбаздар

«Жетісу» газеті
11.04.2020 жылғы №39-41

Сапқа тұрды сарбаздар

Қәзіргідей қиын кезеңде елге қамқор болған азаматтардың жөні бөлек. Мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Тоқаевтың Жарлығына орай әскери қатарына шақырылған мұндай ер–азаматтар бүгінде қайта сапқа тұрып жатыр. Бұл індетпен күрестің шешуші кезеңінде қосымша жасақталып, тыңнан қосылған күш іспеттес.
Олар төтенше жағдай кезінде қатаң тәртіп сақтауды қамтамасыз етіп, зарарсыздандыру жұмыстарына, басқа да бірінші кезекте атқарылуы тиіс шаруаларға белсене атсалысатын болады. Мұны тығырықтан шығудың бірден – бір жолы деп білемін. Менің ойымша, ең тиімді шешім.
Қәзіргі кезде құқық қорғау мен медицина саласының қызметкерлері коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жүр. Оларға қол ұшын беретін қосымша күш осы әскер болуы тиіс. Бұл шараны мемлекет нағыз уақытында қолға алып отыр.
Қәзір Қорғаныс министірінің жарлығымен әскери емхана құрылысы қолға алынды. Ол жұқпалы тажалдың таралуы күтпеген сипат алып, жағдай күрт өзгергендей болса індетке қарсы тұруға айтарлықтай ықпал етері анық.
Қарапайым халық уйде отыру режиміне көшкен кезде қиындыққа қарсы тұратын қосымша күштің қажеттігі арта түседі. Соған орай бұл жұмысқа еріктілер көптен қосылып жатыр. Әйтсе де, адам қолының аздығы байқалады. Міне, осы орайдағы жұмыстарға әскер қатарына шақырылған азаматтар белсене атсалысатын болады.
Қарасай ауданында алғашқылардың бірі болып құрылған әскери жасақ іске кірісіп кетті. Бұл жұмыстың кезең – кезеңімен басқа аудандарда да жүзеге асатыны сөзсіз. Сондықтан, ағайын, бұл іске барша жұрт болып болысуымыз қажет. Дәл осындай қиындық туған уақытта ер – азаматтар қайта сапқа тұрып, азаматтық борыштарын өтеулері керек.
«Төртеу түгел болса төбедегі келеді» дейді дана халқымыз. Олай болса ортақ іске көпшілік болып атсалысайық, ағайын!

Қ. Дөнсебаев – облыстық мәслихатының депутаты

Loader Loading...
EAD Logo Taking too long?

Reload Reload document
| Open Open in new tab

Скачать [610.46 KB]