Біз үнемі алғы шептеміз.

Терапевт-дәрігер, Қазақстан Республикасы

денсаулық  сақтау ісінің үздігі,

 Алматы облыстық маслихатының депутаты Д. Молдахалықова

«Атамекен» газеті 2020 жылғы 04 сәуір

 

Біз үнемі алғы шептеміз.

Дүниені бір үрей блеп түр. Әлем де әлеуметте әбігер. Көзге көрінбейтін, көңілден кетпейтін сас қауіпті, бұрын соңды білмеген қатерге кездестік. Оны адам баласының өзі ойлап тапты ма, тылсымы терең табиғаттың «тартуы» ма, ешкім қәзір тап басып айта алмайды. Не де болса алапат індетпен бетпе бет келіп тұрмыз.

Енді не істемек керек? Дәрігер ретінде ерекше еске саларымыз, ең әуелі-тазалық.Тағыда тазалық жәнеде тазалық. Содан кейінгісі-тәуба. Адам өзін осыған іштей дайындаған жөн. Болмысқа тайсалмай қарап, әр нәрсені ықыластана істеген, жігерін жасытпай алдағы күндерден жарқын үміт күткен пенде баласы атам қазақ айтқандай «Болған іске болаттай болуы» керек. Алаңдағаннан, үрейленгеннен ештеме өнбейді. Қайта психолониялық жағынан мүжіліп, ағзаның ішкі имунитеті әлсірейді. Әрине санасыз емессіздер, бәрін бір Аллаға тапсырып, бейқам жүре беругеде де тіпті болмайды. Алланың өзінің ескерткені бар емеспе: «Сақтансаң сақтаймын!» деп. Осыны ұмытпаңыздар.

Коронавирус мәңгілік емес, оның да шегінетін кезі болады.Тарихта осындай індеттің талайын бастан өткереген адамзат баласы медициналық тәжірибесінің арқасында оның біразын ауыздақтаған. Мұны да жеңеді, тек уақыт керек. Сабырмен саралап жасалатын іске кәзір бүкіл әлемнің биолог ғалымдары кірісіп кетті. Арасында біздің білімдарларда бар. Жұмыла кіріскен соң, нәтежиесіде көп күттірмейтін шығар. Вирустың тиісті вакцинасы табылса, пәлекет дерттің беті қайтады.

Ал  оған дейін әлбетте, қол қусырып қарап отыруға болмайды. Қолда бар дәрі-дәрмектің көмегімен, қатаң режимнің арқасында қаншама қатерлі болсада бұл аурудан жазылып щығып жатқандар аз емес. Жүз адамның тоқсан бесі табанынан тік тұрып кетіп жатыр. Осының өзі көңілге – медеу, дәтке-қуат, демек мүлде үмітсіз емессіздер. Тіпті «Жаман айтпай — жақсы жоқ» деген, осы ауруға ұшыраған жағдайда   да болашақтан күдер үзуге болмайды.Түшкіргеннің бәрі Әзірейілдің жетегінде кетсежер бетінде адам қала ма, жазылып жатқандардан сіздің қай жеріңіз кем? Мұны да бір он күнде түмау құсатып жеңіп шығуымыз әбден мүмкін ғой. Жас кезімізде ұлы шайыр Омар Хаямның жұрт жаппай айтып жүретін; «Күніне тоқсан тоғыз пәле көрсең, сондада күдер үзбе бір Алладан» деп жалғасатын өлеңі бар еді. Сол айтпақшы, еш түңілмеңіздер.

Ел басына ауыртпашылық түсетін сын сағаттарда үнемі алғы шепте жүретін менің әріптестерім үшін аса бір жауапты кезең осы. Бұд жерде ең бастысы–тәртіп. Мемлекет тарапынан  дәрігерлер қауымына ерекше қамқорлық көрсетіліп, материалдық тұрғыдан түрлі жеңілдіктер жасалатыны, олардың жанкешті еңбегі ескерусіз қалмайтыны жақсы айтылып жатыр.Тіпті ондай мүмкіндік болмаған күннің өзінде ақырғы демі қалғанша аурумен күресіп, халқы үшін адал қызмет атқарған кешегі дәрігерлердің үлгісі аз емес. Бізде соған лайық болуға тиіспіз.

Бізге әскери атақ бекер берілмеген. Осы мамандықты таңдаған өзіміз. Демек, қашан да алғы шепте болуға міндеттіміз. Соны ұмытпаңыздар, қәдірлі дәрігер әріптестерім, құрметті медицина қызметкерлері!