Біздің күшіміз — бірлікте

«Жетісу» газеті

2020 жылғы 11 сәуір №39-41

 

 

Біздің күшіміз — бірлікте

Күллі әлемді дүрбелеңге салған індет, Алаш даласын да сергелдеңге түсірді. Елде төтенше жағдай орнап, сақтық шарасы қолға алынды. Қазақ даласынан небір нәует өтті ғой. Тарих бетін парақтайтын болсақ, халықтың басынан өткерген ауыртпалық жылдар көп. Сонау отарлау саясаты, аштық, репресия, соғыс жылдары. Міне, осының бәрін біз ауызбірлік пен сабырлық, келген қиындыққа парасаттылық пен шыдамдылықтың арқасында қарс тұрып жеңіп шықтық. Сол қиын күндер артта қалды. Барлық салада алда болып, ел Тәуелсіздігін алды. Ал сол Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары да бізге оңай соқпағаны белгілі. Ел азаматтары екі қолға бір күрек таппай қиналған кезде, атқа қонған азаматтар елді тығырықтан алып шықты. Оған халық ере білді. «Бір қолдан жең, бір жағадан бас шығарып», бірлесе білдік. Олай болса, бүгінде біз сол бірлігімізден тайқымауымыз керек. Ешкімге де оңайға соғып жатқан жоқ. Елге індет келді деп, байбаламға салынып, сабырсыздық танытпайық! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің әрбір үндеуі қазақ халқын қиындықтан алып шығудың нақты қадамдары. Аталған заңдылықтарды орындап, індеттің одан ары өршіп кетпеуіне біз әрекет етуіміз керек. Ол үшін төтенше жағдайдың тіртібі бойынша неғұрлым үйден шықпаған абзал. Санитарлық тазалыққа аса мән беріп, дәргерлердің айтып жатқан кеңесіне құлақ асу. Бұл уақытша ауыртпашылық екеніне мен сенемін. Қазір байқасаңыз ақпараттың барлық түрінен «біз біргеміз»,-деген үндеу айтылып та, көрсетіліп те жатыр. Сол айтқандай біз біргеміз. Бірліктің арқасында біз бұл қиындықты жеңіп шығамыз.

Ал ең басты айтарым, Қазақстан халқына сонымен қатар Алматы облысының тұрғындарына, сабыр танытып, ауызбірлікті нығайтайық. Мемлекеттің белгілеген тәртібін қатаң орындап, ұлт денсаулығын ойлайық. Біз тәртіпке бағыну арқылы, бұл індетті жоямыз!

Ж.Үшкемпіров,

Қазақстан Республикасының Еңбек ері,

облыстық мәслихатының депутаты. 

 

Загрузчик Загрузка...
Логотип EAD Слишком долго?

Перезагрузка Перезагрузить документ
| Открыть Открыть в новой вкладке

Скачать [462.74 KB]