Аудан тұрғындарының назарына!

«Jarkent  o’n’iri» газеті 2020 жылғы 17 сәуір

 

Аудан тұрғындарының назарына!

 

         Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде таралған коронавирус індетінің ауданымызда таралуының алдын алу мақсатында аудандық медицина қызметкерлері барлық қажетті  іс-шараларды жасап жатыр. 2020 жылғы 4 наурыздағы №12 ҚР ДСМ Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның профилактикалық шараларын одан әрі күшейту» туралы қаулысына байланысты  аудандық ауруханада штаб құрылды, қаулының тармақтары бойынша штаб мүшелері бекітіліп, штабтың жұмыс жоспары жасалынды.

         ҚР ДСМ 27.03.2018ж. №126 «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» және 25.02.2015ж. № 131 «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық- эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрықтары негізінде ҚР аймағында аса қауіпті жұқпаның таралуының алдын алу,  КВИ болдырмау мақсатында медицина қызметкерлерінің әрекет ету алгоритмі бекітілді.          Емделушілердің көп шоғырландыруын болдырмау мақсатында аудандағы барлық емдеу мекемелерінің жұмысы сағат 07.00-ден басталды.

Аудандық медицина қызметкерлері арасында  себебі анықталмаған пневмония, КВИ тақырыптары бойынша кеңейтілген бірнеше рет семинар өткізілді. Ұлттық тестілеу орталығы COVID-19-ға лабораторлық зерттеуге материал алу бойынша оқыту семинарын өткізді, онда 107 медицина қызметкері оқытылды.

Коронавирус ауруы және алдын алу шаралары туралы ақпараттар аудан тұрғындары арасында насихаттау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде, LED экранмен әкімшілік алдында және аудандық емханада ақпараттар, роликтер жүргізілуде.

Панфилов ауданында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында және алғашқы медико-санитарлық көмек мекемелеріне емделушілердің келуін азайту мақсатында аудандық аурухананың телімдік қызметкерлері мен «Диана» жоғары медицина колледжінің 4-курс студенттерінен құрылған еріктілер тобы түрлі аурулары бойынша диспансерлік есепте тұратын науқастардың ҚР ДСМ 29.08.2017ж.  №666 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы  бұйрығына» сәйкес алатын дәрі-дәрмектерін үйлеріне дейін  жеткізіп беруде және тұрғындарға жадынама таратуда.

Аудандағы барлық емдеу мекемелеріне келген емделушілердің  қолын өңдеуге арналған дозаторлар орнатылған, келген емделушілердің барлығының дене қызуы өлшеніп, тек содан кейін ғана қабылдауға жіберіледі, кіру және шығу есіктері бекітілді.

Панфилов ауданына сырттан, яғни шет елден, ҚР басқа қалалары мен облыстарынан келген азаматтардың күнделікті тізімі жасалынып, олар медицина қызметкерлерінің бақылауында.

Коронавирус инфекциясы –  респираторлы жұқпалы аурулардың өткір инфекциялық патологиясы.  Жоғарғы тыныс жолдары  мен  сирек ішек, асқазан жолдарын зақымдайды. Клиникалық түрде инфекция дене қызуының көтерілуімен және интоксикация симптомымен білінеді. Коронавирустың бұрыннан белгілі 40-қа жуық түрі бар, Ухань қаласында пайда болып тұрған жаңа түрі. Инфекция көзі — науқас адам. Берілу жолы – ауа тамшылары. Қауіпті факторлар: балалар, жүкті әйелдер, қарт, жасы үлкен кісілер және  иммунитеті төмен науқастар. Қоздырғыш қоршаған ортада тұрақсыз, қалыпты мөлшерде дезинфекциялаушы заттардың әсерінен, ультракүлгін және жоғары температурада өледі. Инкубациялық кезең 2-14 күн.

Коронавирус инфекциясының белгілері: дене қызуының көтерілуі 38-39 әС, әлсіздік, тамағының ауырсынуы, бас ауру, жөтел және алқынудың пайда болуы, іштің өтуі, құсу.

Алдын алу жолдары: көпшілік шоғырланған жерлерге бармау, бөлмеге ылғалды тазалықты жиі жүргізу, ауасын тазарту, бетперде киіп жүру, қолды сабындап жиі жуып тұру, суық тигізбеу, иммунитетті көтеру, дене қызуы көтеріліп, тұмау пайда болған жағдайда жеке бөлмеге жатқызып, дәрігерді үйге шақыру.

Сіздерге айтарымыз: үйлеріңізде жеке бас гигиенасын сақтау, яғни жиі қолды сабынмен жуу, бөлмелерді желдету, көкөніс-жемістерді жуып пайдалану, түшкіру-жөтелу белгілері пайда болған кезде бетперде кию, оқшаулану, адамдар көп жиналатын жерге барудан бас тарту, өзіңізде болмаса жақындарыңызда дене қызуы, құрғақ жөтел, демікпе, әлсіздік белгілері пайда болған кезде жедел жәрдем көмегіне, телімдік дәрігеріңіз бен мейірбикеңізге хабарласып, вирустың таралмауына  атсалысыңыз.

Осындай кезде бәріміз сабыр сақтайық. Бұл қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде  жеңіп   шығамыз.

Сұрақтарыңыз болса келесі   телефон   номерлеріне    хабарлассаңыздар болады: инфекционист дәрігері Ақмарал Мурзатаева – 87788049996, жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Тұрғанжан Вилиев – 87775218055, жұқпаны қадағалау мейірбикесі АЙЖАН АЙМАҚОВА – 87075055103.

Біз Сіздер үшін тәулік бойы жұмыстамыз, Сіздер біз үшін үйде болыңыздар.

Төлеу Сарпеков,

 Алматы облыстық

мәслихатының депутаты.

Загрузчик Загрузка...
Логотип EAD Слишком долго?

Перезагрузка Перезагрузить документ
| Открыть Открыть в новой вкладке

Скачать [1.05 MB]