Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Жанболат Жөргенбаевтың жаңа 2022 жылмен құттықтауы

Құрметті Жетісулықтар!

Баршаларыңызды жаңа 2022 жылмен құттықтаймын! Жаңа жыл — қай ел болсын зор қуанышпен асыға күтетін мерейлі мереке. Жаңа жыл — өткенді саралап, алдағы уақытқа бағдар жасап, жоспарлар құрылып, үлкен міндеттер жүктелетін меже.

Өткен 2021 жыл пандемия салдарына қарамастан, Жер жаннаты Жетісу үшін жетістіктері мол, табысы зор жыл болды. Жеткен жетістіктерімізді тізе берсек, көп-ақ. Бұл істе әрбір жетісулық азаматтың жеке үлестері бар. Осы орайда баршаңызға еңбектеріңіз, ниеттеріңіз үшін ризашылық білдіремін.

 Жаңа Жыл Сіздерге тек кәсіби жетістіктермен оң өзгерістер әкеліп, жақсы жаңалықтармен тамаша бастамалар Жылы болсын!  Армандарыңызбен бен тілектеріңіз орындалып, игі бастауларыңыз сәтті нәтижелер берсін! Жаңа жыл құтты болсын!

Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Жанболат Жөргенбаев