15.08.2016 ж. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ

Қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасы

Қоғамдық тыңдау Алматы облыстық Қоғамдық кеңес Төралқасы мүшелерінің  2016 жылғы 11 шілдедегі  шешімімен тағайындалды

Қоғамдық тыңдау тақырыбы: Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау.

Өтетін күні және орны: 2016 жыл 15 тамыз. Тіл сарайының мәжіліс залы. Талдықорған қаласы.

Р/с

Талқылауға ұсынылған мәселелер

Бақыланатын мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы туралы ақпарат

Қоғамдық тыңдау барысында анықталған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін ережелерді жою жөніндегі ұсынымдар

Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар

Ескертпелер

1

Алматы облыстық әкімдігі қаулысының жобасы «Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде Алматы облысы әкімі аппаратының ішкі бақылау қызметімен қолданылатын тәуекелдерді басқару жүйесін бекіту туралы»

Нормативтік құқықтық актінің жобасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әзірленіп Қоғамдық кеңестің қарауына енгізілді

Нормативтік құқықтық актіні беріліп отырған редакцияда қабылдау ұсынылады

 

Қоғамдық тыңдау

төрағасы                                    Ә.Тойбаев

 

Қоғамдық тыңдау

хатшысы                                    С.Нұрахметов