11.07.2016 ж. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ

Қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасы

Қоғамдық тыңдау Алматы облыстық Қоғамдық кеңес Төралқасы мүшелерінің  2016 жылғы 27 маусымдағы  шешімімен тағайындалды

Қоғамдық тыңдау тақырыбы: Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау.

Өтетін күні және орны: 2016 жыл 11 шілде. Тіл сарайының мәжіліс залы. Талдықорған қаласы.

 

Р/с

Талқылауға ұсынылған мәселелер

Бақыланатын мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы туралы ақпарат

Қоғамдық тыңдау барысында анықталған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін ережелерді жою жөніндегі ұсынымдар

Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар

Ескертпелер

1

Алматы облыстық мәслихаты  шешімінің жобасы «Алматы облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы «Алматы облысының 2016–2018 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» №51-287 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

Нормативтік құқықтық актінің жобасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әзірленіп Қоғамдық кеңестің қарауына енгізілді

Нормативтік құқықтық актіні беріліп отырған редакцияда қабылдау ұсынылады

2

Алматы облыстық мәслихаты шешімінің жобасы «Алматы облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 51-288 шешімімен бекітілген Алматы облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын жаңа редакцияда бекіту туралы»

Нормативтік құқықтық актінің жобасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әзірленіп Қоғамдық кеңестің қарауына енгізілді

Нормативтік құқықтық актіні беріліп отырған редакцияда қабылдау ұсынылады

3

Алматы облысы әкімдігі  қаулысының жобасы «2016 — 2017 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған білім беру тапсырысын бекіту туралы»

Нормативтік құқықтық актінің жобасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әзірленіп Қоғамдық кеңестің қарауына енгізілді

Нормативтік құқықтық актіні беріліп отырған редакцияда қабылдау ұсынылады

 

Қоғамдық тыңдау

төрағасы                                 Е.Келемсеиіт              

 

 

Қоғамдық тыңдау

хатшысы                                 С.Нұрахметов